🔥

Не упустите лучшие вакансии!

Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!

Подключить бота

Маркетолог

МЕРУЕРТ
Алматы
Работа в офисе
Опубликовано: 04 Apr 2026
800 000 — 1 500 000 ₸

🧑‍💼 Маркетолог (Oneki компаниясына)

Oneki - Қазақстан бойынша көтерме бағада (оптом) кеңсе тауарларын қазақ тілінде өндіруші, 8 жылдық тарихы бар үлкен компания. Дәл қазір компания тәжірибелі мықты маркетолог маманын іздейді.

🔧 Міндеттер:

  • Толықтай маркетинг стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру;

  • Брендті дамыту және қазақ тілді өнім ретінде позициялау;

  • Өнімді B2B және B2C нарықтарда көтеру;

  • Digital-маркетинг, SMM, PR, жарнама және контент бағыттарын басқару;

  • Онлайн және офлайн жарнамаларды жоспарлау және іске қосу;

  • Нарықты, бәсекелестерді және мақсатты аудиторияны талдау;

  • Сату воронкасын оңтайландыру және маркетинг тиімділігін арттыру;

🎯 Талаптар:

  • Маркетинг саласында 2–5 жылдық тәжірибе;

  • Бірнеше бизнес бағыттармен бір мезгілде жұмыс істей алу;

  • Стратегиялық және операциялық маркетингті түсіну;

  • Нарықтық талдау, аналитика (Google Analytics, Yandex.Metrica, CRM) және бренд стратегиясын құра алу дағдылары;

  • Digital құралдарды білу (SMM, таргет, SEO, контекст);

  • Офлайн-жарнама және бренд-коммуникациялармен жұмыс тәжірибесі;

  • Жүйелі ойлау және процестерді құрылымдау қабілеті;

  • Командамен жұмыс жасау қабілеті мықты болуы;

💼 Жұмыс шарттары:

  • Тұрақты және өсіп келе жатқан компанияда жұмыс істеу мүмкіндігі;

  • Маркетинг жүйесін құру және бизнес стратегиясына ықпал ету;

  • Бәсекеге қабілетті жалақы (сұхбаттасу кезінде талқыланады);

  • 5/2 жұмыс кестесі, негізгі кеңсе — Алматы қаласында

  • Күшті команда және басшылықтың қолдауы.

📩 Егер сен жүйелі ойлайтын, креативті және стратегиялық маркетолог болсаң - бұл мүмкіндік сен үшін!
Бізбен бірге Oneki брендінің маркетинг жүйесін жаңа деңгейге шығарайық!

🚀

Ваше резюме увидят первым!

Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!

Подключить автоподнятие