🔥

Не упустите лучшие вакансии!

Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!

Подключить бота

Менеджер по продажам

SHANYRAQ STUDY
Алматы
На месте работодателя
Опубликовано: 29 May 2026
500 000 — 800 000 ₸

«Сәлем! Менің атым Сабина және біздің жұмыста бәрі тамаша. Ыңғайлы кестемен жұмыс істеймін, ұжымдағы адамдар өте мықты әрі ұйымшыл. P.S. Кеңседе аяқ киімсіз жүруге болады0. 😉 (біздің команданың қазіргі менеджері).»

Сәлем! Мен - Андрей, HR-менеджермін және мұның бәрі шын. Сонымен қатар, сені біздің командаға шақырамын!

Бізге мынадай адам керек:
— Кез келген адаммен жақын туысындай еркін сөйлесе алатын;

— Басшылықтың үнемі бақылауынан шаршаған;
— Орыс және қазақ тілдерін білетін;
— Өз бетінше жұмыс істей алатын;
— Бас тартқан клиенттерден қорықпайтын әрі жоспарды орындай алатын;
— Тапсырмаларды жүйелі түрде орындайтын;
— Телефонда көп сөйлесуден қорықпайтын.

Біз не ұсынамыз:
— Біртіндеп бейімделу (сені бірден жұмысқа лақтырып жібермейміз, өніммен толық танысуға көмектесеміз);
— Жұмыс ноутбугі мен гарнитура;
— Жалақының уақытылы төленуі;
— Ұжымдағы жайлы атмосфера;
— Тау көрінісі бар кең әрі жайлы офис;
— Жұмыс кестесі: 5/2 (11:00–20:00). Жексенбі — тұрақты демалыс, екінші демалыс күнін таңдасаң болады.

Соңына дейін оқы! 👇

Шарттар:
— Жалақы: 200 000 тг (100 мың — тұрақты оклад, 100 мың — KPI);
— Пайыз: әр мәміледен 12%-ға дейін (жоспар орындалуына байланысты);
— Мотивация: жалақыдан бөлек қосымша бонустар бар (мысалы, күніне 3 сатылым жасасаң, үйге такси компания есебінен төленеді).

Біз кімбіз және не сату керек?
Біз — тез дамып келе жатқан, бірақ нарықта нық тұрған EdTech-стартаппыз. Қазіргі таңда командамызда 150-ден астам қызметкер бар. Бізде екі сату бөлімі бар:
— Ересектерге арналған қазақ тілі академиясы.
— Балаларға арналған онлайн робототехника мектебі (біз сені дәл осы бөлімге шақырамыз);

Сұхбатқа шақырту алу үшін, хатқа: «Мен EdTech саласына қызығамын» деп жаз. Біз тек осындай өтінімдерді қараймыз.

🚀

Ваше резюме увидят первым!

Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!

Подключить автоподнятие