🔥

Не упустите лучшие вакансии!

Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!

Подключить бота

Руководитель отдела продаж (БАДы)

Алтынбек
Алматы
На месте работодателя
Опубликовано: 30 May 2026
500 000 — 1 500 000 ₸

StarLine компаниясына Сату бөлімінің жетекшісі (РОП) қажет

Біз Қазақстан бойынша танымал ER QUATY өнімін сатумен айналысамыз. Қазіргі уақытта сату бөлімін күшейтіп, команданы жаңа деңгейге шығара алатын тәжірибелі РОП іздейміз.

Маңызды:

Бізге жай ғана басшы емес, БАД саласында жұмыс істеген, сату көрсеткіштерін көтере алатын, менеджерлерді үйретіп, нақты нәтиже көрсететін маман қажет.

ER QUATY — ерлер денсаулығына арналған табиғи өнім. Компаниямыз белсенді түрде өсіп келеді, сондықтан бізге тәжірибелі және амбициясы жоғары РОП керек.

Міндеттері:

• Сату бөлімін толық басқару
• Менеджерлердің қоңырауларын тыңдау және талдау
• Сату скрипттерін жетілдіру
• Жаңа менеджерлерді оқыту және бейімдеу
• Қарсылықтармен жұмыс істеуді үйрету
• Конверсияны көтеру
• Команданың көрсеткіштерін бақылау
• Сатылым көлемін арттыру

Талаптар:

• БАД немесе нутра саласында жұмыс тәжірибесі міндетті
• Колл орталықта басқарушылық тәжірибе болуы керек
• Команданы нәтижеге жеткізе алуы қажет
• CRM жүйелерімен жұмыс істей білу
• Жауапкершілік және нәтижеге бағытталу

Біз не ұсынамыз:

• Ыстық лидтар
• Күн сайын келіп тұратын жаңа өтінімдер
• Дайын өнім және жұмыс істеп тұрған жүйе
• Қашықтан немесе офисте жұмыс істеу мүмкіндігі
• Табысыңызға шектеу жоқ

Еңбек ақы:

• Жеке сатылымдарыңыздан — 10%
• Сату бөлімінің жалпы айналымынан — 3%
• Фикс оклад қарастырылмаған
• Тек нәтиже үшін төлем

Өтініш қалдырғанда міндетті түрде жазыңыз:

  1. Қандай БАД өнімдерімен жұмыс істедіңіз

  2. Қанша менеджер басқардыңыз

  3. Қандай нәтижелер көрсеттіңіз

  4. Соңғы жұмысыңызда айлық айналым қанша болды

Тек БАД және нутра саласында тәжірибесі бар үміткерлер қарастырылады.

🚀

Ваше резюме увидят первым!

Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!

Подключить автоподнятие