Не упустите лучшие вакансии!
Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!
Подключить ботаИИ артист / AI креатор
Жұмыс форматы: қашықтан, жобалық негізде
Stone Production командасы ұзақ мерзімді жұмысқа AI Artist іздейді.
Бізге жарнамалық бейне құрылымын түсінетін, режиссурадан хабары бар және барынша шынайы AI-видеолар жасай алатын маман қажет.
Міндеттеріңіз:
— морфингсіз, артефактсыз және арзан визуалсыз видеолар жасау;
— максималды шынайы нәтижеге қол жеткізу;
— концепт негізінде фото генерациялар жасау;
— фото генерациялар бекітілгеннен кейін оларды видеоға айналдыру;
— жарнамалық ролик құрылымын сақтау;
— дедлайндарды сақтау;
— жаңа AI құралдарын зерттеп, жұмыстың сапасын үнемі жақсарту.
Біз үшін маңызды:
— заманауи AI құралдарымен жұмыс тәжірибесі;
— Kling, Seedance және басқа да өзекті платформаларды білу;
— режиссура, монтаж және жарнамалық контенттің логикасын түсіну;
— жоғары деңгейдегі насмотренность;
— визуал арқылы аудитория назарын ұстай білу.
Қысқаша айтқанда:
Біз клиентке алдын ала концепт дайындап көрсетеміз.
Бекітілгеннен кейін сізге:
— концепт;
— сценарий;
— ролик құрылымы беріледі.
Сіздің міндетіңіз:
- Концепт бойынша фото генерациялар жасау.
- Біздің командамен мақұлдау.
- Бекітілгеннен кейін видео генерациялар жасау.
- Финал нәтижеге дейін жеткізу.
Көп жағдайда идея ойлап табудың қажеті жоқ. Негізгі міндет — дайын концепцияны сапалы жүзеге асыру.
Жұмыс шарттары:
— толықтай қашықтан жұмыс;
— кесімді төлем;
— төлем әр жұма күні сағат 18:00-ге дейін жасалады; Бастапқыда күнбе күн төленеді.
— барлық процесс жүйеленген;
— тұрақты және біркелкі жұмыс;
— шұғыл жобалар қосымша төленеді;
— қосымша бонустар қарастырылған.
Жұмыс көлемі:
— айына 20–40 жоба;
— орта есеппен айына 360–400 видео генерация;
— бір сахнаның ұзақтығы көбіне 5 секундқа дейін;
— қажетсіз қайта генерацияларды азайтып, нәтижені тиімді алуға тырысамыз.
Біз үшін ең маңыздысы:
— сапа;
— жауапкершілік;
— дедлайн сақтау;
— ТЗ бойынша жұмыс істей білу;
— командалық жұмыс;
— өз деңгейін үнемі көтеруге ұмтылу.
Жұмыс ережелері:
— Егер жұмыс уақытында 60 минуттан артық алдын ала ескертусіз жауап бермесеңіз, ынтымақтастықты тоқтатамыз. Біз толықтай онлайн жұмыс істейміз, сондықтан байланыста болу өте маңызды.
— Орындай алмайтын мерзімді уәде етпеңіз. Бастапқыда шынайы мерзім айтқан дұрыс.
— Қателесу қалыпты жағдай. Бірақ байланыссыз жоғалып кету немесе соңғы сәтке дейін үндемеу қабылданбайды, бірден қоштасамыз.
Өтініш беру үшін жіберіңіз:
— портфолио ТОП-5, іріктеп ең жақысыларын жіберу;
— қолданатын AI құралдарының тізімі;
— есіміңіз, жасыныз, тәжірибеңіз
Біздің талаптар:
https://t.me/stonehhsample
Сонымен қатар хабарламаңызды:
«Вакансия толық оқыдым, жұмысқа дайынмын» - деген сөзбен бастаңыз.
Бұл вакансияны толық оқып шыққаныңызды және барлық шарттармен танысқаныңызды түсінуге көмектеседі.
Ваше резюме увидят первым!
Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!
Подключить автоподнятие