Не упустите лучшие вакансии!
Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!
Подключить ботаКонтент менеджер со знанием казахского языка
Daryn Online – Қазақстандағы жетекші EdTech компанияларының бірі. Біз ҰБТ, НЗМ, БИЛ емтихандарына дайындық және түрлі білім беру бағыттары бойынша 1000-нан астам курстар ұсынамыз. Біздің мақсатымыз – заманауи технологиялар арқылы сапалы білімді әрбір оқушыға қолжетімді ету.
Қазіргі таңда креативті командамызға TikTok Manager іздейміз!
Міндеттер:
• TikTok платформасына арналған контент стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру;
• TikTok аккаунтын жүргізу, контент жариялау және аудиториямен байланыс орнату;
• Пікірлерге жауап беру және қауымдастықты дамыту;
• Аналитикалық құралдар арқылы контенттің тиімділігін бақылау;
• Жаңа трендтерді зерттеп, оларды контентке енгізу;
• Брендтің танымалдылығын арттыруға бағытталған креативті жобалар ұйымдастыру.
Біз сізден не күтеміз?
• TikTok платформасында 1–3 жыл жұмыс тәжірибесі;
• Контент жасау және трендтермен жұмыс істеу тәжірибесі;
• Креативті ойлау және жаңа идеялар ұсына білу;
• Аналитикалық ойлау және көрсеткіштермен жұмыс жасау дағдылары;
• Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру;
• Командамен жұмыс істей алу және жауапкершілік.
Біз не ұсынамыз?
• 200.000 тг оклад + нәтиже бойынша бонус жүйесі;
• Икемді жұмыс кестесі;
• Жартылай жұмыс форматы;
• Жастардан құралған креативті орта;
• Компания есебінен оқыту, тренингтер және кәсіби даму мүмкіндіктері;
• Ірі EdTech жобалардың дамуына үлес қосу мүмкіндігі.
Егер сіз TikTok трендтерін жақсы түсініп, аудиторияны қызықтыратын контент жасай алсаңыз, онда біз сізді командамызда күтеміз!
Ваше резюме увидят первым!
Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!
Подключить автоподнятие