🔥

Не упустите лучшие вакансии!

Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!

Подключить бота

PR МЕНЕДЖЕР / САТУ МАМАНЫ

125 HIGH SCHOOL
Тараз
На месте работодателя
Опубликовано: 23 Jul 2026
От 200 000 ₸

125 International School – заманауи білім беру қағидаттарына негізделген, оқушыларды халықаралық стандарттар бойынша оқытатын жеке мектеп. Командамызға нәтижеге бағытталған, белсенді әрі коммуникациясы мықты PR менеджер / Сату маманын іздейміз.

Міндеттері:

  • Мектепке жаңа оқушылар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізу;
  • Келіп түскен қоңырауларға, WhatsApp және әлеуметтік желілердегі өтініштерге жедел жауап беру;
  • Ата-аналарға мектеп бағдарламалары бойынша толық консультация өткізу;
  • Келіссөз жүргізіп, оқуға жазылуға дейін сүйемелдеу;
  • Ашық есік күндерін, таныстыру кездесулерін және қабылдау іс-шараларын ұйымдастыру;
  • Мектептің серіктестік желісін дамыту (балабақшалар, дамыту орталықтары, ұйымдар);
  • PR және маркетингтік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
  • Блогерлермен, БАҚ-пен және серіктестермен байланыс орнату;
  • Ата-аналардың пікірлері мен ұсыныстарын жинақтап, мектеп имиджін нығайту;
  • Клиенттік базаны (CRM) жүргізу және өтінімдердің нәтижесін бақылау;
  • Айлық жоспар бойынша оқушы қабылдау көрсеткіштерін орындау;
  • Командамен бірге жаңа маркетингтік идеялар ұсынып, оларды іске асыру.

Үміткерге қойылатын талаптар:

  • Жоғары немесе арнаулы орта білім;
  • Сату, клиенттермен жұмыс, қабылдау бөлімі немесе PR саласында кемінде 3 жыл тәжірибе;
  • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруі (ағылшын тілі құпталады);
  • Коммуникациясы жоғары, адамдармен тез тіл табыса білуі;
  • Сенімді сөйлей білу және презентация жасау қабілеті;
  • Нәтижеге бағытталған, жауапкершілігі жоғары болуы;
  • CRM жүйелерімен және Microsoft Office бағдарламаларымен жұмыс істей білуі;
  • Жоспармен жұмыс істеп, KPI орындауға дайын болуы.
🚀

Ваше резюме увидят первым!

Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!

Подключить автоподнятие