🔥

Не упустите лучшие вакансии!

Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!

Подключить бота

Менеджер по продажам

Onai bilim
Астана
На месте работодателя
Опубликовано: 19 Aug 2026

Сату менеджері (Вакансия студенттерге де қолайлы)

Астана | Кеңседе жұмыс | Икемді график | Тәжірибесіз де болады

Оқумен қатар жұмыс істеп, табыс тапқың келе ме?

Біздің командаға сату менеджері позициясына шақырамыз. Жұмыс кестесі оқу үлгеріміңе кедергі келтірмейтіндей икемді. Тәжірибең болмаса да алаңдама — жұмыстың барлық қырын үйретеміз.

Біз не ұсынамыз?

  • Аптасына 100 000–120 000 ₸ табыс

  • Оқумен қатар жұмыс істеуге мүмкіндік беретін икемді график

  • Заманауи әрі жайлы офис

  • Тәжірибе қажет емес — барлығын үйретеміз

  • Кәсіби және қаржылық өсу мүмкіндігі

Сенің міндеттерің:

  • Клиенттермен байланыс орнату

  • Клиенттерге өнім туралы кеңес беру

  • Клиенттің қажеттілігін анықтау

  • Келіп түскен өтінімдермен жұмыс істеу

  • Клиентті мәміленің соңына дейін жеткізу

  • Жеке және командалық жоспарды орындау

Біз қандай адамды іздейміз?

Егер сен:

  • адамдармен тез тіл табыса алсаң;

  • сауатты әрі еркін сөйлесе алсаң;

  • жаңа нәрсені үйренуге дайын болсаң;

  • белсенді әрі бастамашыл болсаң;

  • нәтижеге бағытталсаң;

  • оқу кезінде ақша тапқың келсе —

біз сені командамызда көргіміз келеді.

Тәжірибең жоқ па? Мәселе емес. Біз сені нөлден бастап үйретеміз және алғашқы күндерден қолдау көрсетеміз.

Жұмыс орны

📍 Астана, Қосшығұлова көшесі, 4

Қалай байланысуға болады?

Вакансияға hh.kz арқылы өтінім қалдыр немесе WhatsApp-қа жаз

Оқумен қатар тәжірибе жинап, жақсы табыс тапқың келсе — бізге қосыл.

🚀

Ваше резюме увидят первым!

Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!

Подключить автоподнятие