🔥

Не упустите лучшие вакансии!

Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!

Подключить бота

MYRZA BRAND компаниясына сату бөлімінің басшысы (РОП)

MYRZA GROUP
Алматы
На месте работодателя
Опубликовано: 19 Aug 2026
До 1 000 000 ₸

«MYRZA BRAND» — бұл 2022 жылдан бері нарықтағы, қазақтың ұлттық киімдерін заманауи стильмен үйлестіретін танымал бренд. Ерлер мен әйелдерге арналған сәнді әрі ыңғайлы киімдер шығарады.

2024 жылы біз 1 миллиард теңгеден астам айналымға қол жеткізіп, 25 000-нан астам клиентке қызмет көрсеттік. Қызметкерлеріміздің саны 60-тан асып, 4 сауда нүктесі мен 8 бөлімшенің үйлесімді жұмысын қамтамасыз еттік.

Myrza Brand компаниясы қазіргі таңда Сату бөлімінің басшысын іздеуде.(РОП)

Бізге онлайн сатуды жүйеге айналдырып, команданы жоғары нәтижеге жеткізе алатын мықты лидер қажет.

Міндеттері:

• Instagram, WhatsApp, Telegram арқылы сатылым процесін толық басқару

• Онлайн сату бөлімін жүйелеу және масштабтау

• Менеджерлердің жұмысын бақылау және нәтиже талап ету

• Скрипттерді жетілдіру, конверсияны арттыру

• Ассортиментті толық меңгеру және менеджерлерге үйрету

• Күнделікті/айлық жоспарды орындау

Бізге кім керек:

• Онлайн сатуда нақты тәжірибесі бар

• Instagram Direct, WhatsApp, Telegram арқылы сатуды кәсіби деңгейде білетін

• Клиентпен жұмыс істеуде шебер, қарсылықтарды жаба алатын

• Ассортиментпен, тауар айналымымен жұмыс жасай білетін

• Команданы басқару тәжірибесі бар

• Нәтижеге жұмыс істейтін, жауапкершілігі жоғары

Біз ұсынамыз:

  • Тұрақты жалақы
  • Жыл сайын ең үздік қызметкерлерімізге Түркия мемлеткеніне 4 жолдама беріледі
  • Демалыс бөлмесі қарастырылған, ол жерде PlayStation және теннис үстелі бар. Үзіліс уақытында ойнап, сергіп алуларыңызға болады
  • Жалақы: 500 000тг ден 1000 000 тг дейін
  • Корпортивтік іс-шаралар мен тимбилдингтер компанияның есебінен өткізіледі
  • Жұмыс кестесі: аптасына 5 күн, сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, 2 күн демалыс;

Достық ұжым және бренд Негізін қалаушының өзі сізге тәлімгер болады

🚀

Ваше резюме увидят первым!

Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!

Подключить автоподнятие