Не упустите лучшие вакансии!
Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!
Подключить ботаСату маманы
🔥 SMART LIGHT ACADEMY КОМАНДАСЫНА САТУ МЕНЕДЖЕРІН ІЗДЕЙМІЗ!
Егер сатуда тәжірибең бар, адамдармен оңай тіл табыса алсаң және жақсы табыс тауып, кәсіби дамығың келсе — бізге қосыл!
Компания жайлы
Біз Ақылды үй (Smart Home) және Электрика салалары бойынша оқыту жүргіземіз.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып жаңа мамандық — «Ақылды жүйелер интеграторы» бағытын дамытып жатырмыз.
Бұл — қазіргі таңда сұранысы артып, қарқынды дамып келе жатқан заманауи бағыттардың бірі. Сондықтан сен жай ғана курс емес, нарыққа қажет өнімді сатасың.
Сенің міндеттерің:
• CRM жүйесі арқылы клиенттермен жұмыс жасау;
• WhatsApp арқылы келген өтінімдерді өңдеу;
• Клиенттерді мастер-классқа тіркеу;
• Айлық сату жоспарын орындау.
Бізге кім керек?
• Қазақ тілін еркін білетін;
• Сату саласында кемінде 6 ай тәжірибесі бар;
• Әр өтініммен жауапкершілікпен жұмыс істейтін;
• Нәтижеге жұмыс істеп, табысын өсіргісі келетін;
• Кәсіби дамуға және жаңа білім алуға дайын маман.
📍 Жұмыс офлайн, офисте.
Біз не ұсынамыз?
💰 Тұрақты табыс + тиімді бонус жүйесі + сыйақылар
🕐 Жұмыс уақыты: 12:00–20:00
📅 График: 6/1, демалыс — жұма
🏢 Қаланың жақсы ауданында орналасқан заманауи әрі жайлы офис
🤝 Жас, белсенді команда
🎓 Компания есебінен тұрақты білім алу және даму
🏆 Үздік қызметкерлерге сыйлықтар мен бонустар
🚀 Нәтиже көрсеткен мамандарға карьерлік өсу мүмкіндігі
🥳 Командалық демалыстар мен тимбилдингтер
Бізге жай ғана менеджер емес, бірге өсіп, жақсы нәтиже көрсеткісі келетін адам керек.
Егер өзіңді осы сипаттамадан көрсең — өтінім қалдыр!
Танысып, барлық шарттарды толық айтып береміз.
Ваше резюме увидят первым!
Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!
Подключить автоподнятие