Не упустите лучшие вакансии!
Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!
Подключить ботаSAT Reasoning мұғалімі
Біз — жоғары сынып оқушыларын (10–11 сыныптар) тереңдетілген бағдарламамен оқытатын жекеменшік мектеппіз. Біздің миссиямыз — жай ғана аттестат беру емес, әр оқушының саналы түрде мамандық таңдауына және Қазақстан мен әлемнің үздік жоғары оқу орындарына (соның ішінде NU) сәтті түсуіне жағдай жасау. Біз әр оқушының жетістігі — ортақ мақтанышымыз болатын ерекше білім ортасын қалыптастырамыз.
Біз кімді іздейміз:
Бізге жұмысқа жүйелі түрде қарайтын, оқушының біліміндегі олқылықтарды алғашқы сабақтан-ақ анықтап, мақсатты баллға жетелейтін нақты траектория құра алатын кәсіби маман қажет. Күрделі есептерге деген қызығушылықты оятып, халықаралық емтихандардың логикасын «сындыруды» үйрететін нағыз көшбасшыны іздейміз!
Міндеттері:
- Оқушыларды SAT (Digital/Paper) және NUET (Nazarbayev University Entrance Test) емтихандарына тиімді дайындау;
- Математика және сыни ойлау (Critical Thinking) бойынша сабақтарды ағылшын тілінде өткізу;
- Әр оқушының деңгейіне қарай жеке даму жоспарын құру;
- Тұрақты түрде Mock-тесттер өткізіп, нәтижелеріне терең талдау жасау;
- Оқушылардың ынтасын арттырып, емтихан тапсыру кезіндегі стрессті басқаруға көмектесу.
Талаптар:
- Тіл деңгейі: Ағылшын тілін еркін меңгеру (Advanced/C1, IELTS 8.5 және одан жоғары);
- Білімі: Математика, физика, инженерия немесе білім беру саласындағы жоғары білім (Назарбаев Университетінің түлектеріне басымдық беріледі);
- Тәжірибе: SAT/NUET бағытында сабақ беру тәжірибесі (кемінде 1 жыл);
- Жеке көрсеткіш: SAT-тан өзіңіздің жоғары баллыңыздың болуы (артықшылық береді);
- Күрделі формулалар мен логикалық есептерді қарапайым әрі қызықты түсіндіре алу қабілеті.
Шарттар (Условия):
- Жұмыс графигі: Толық жұмыс күні немесе икемді кесте (Full-time / Part-time);ақылдасуға болады
- Орналасқан жері: Сулейменова 17;
- Жас және креативті ұжым, кәсіби тұрғыда өсу мүмкіндігі.
Ваше резюме увидят первым!
Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!
Подключить автоподнятие