Не упустите лучшие вакансии!
Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!
Подключить ботаМенеджер по работе с клиентами
EcoZere командасына САТУ МАМАНЫН іздейміз!
Ақша табуға мотивациясы жоғары, адамдармен тез тіл табысатын және нәтижеге жұмыс істейтін маман болсаңыз — сізді командамызда күтеміз!
EcoZere — буын денсаулығына арналған өнімдерді ұсынатын, белсенді дамып келе жатқан компания.
Бізге жай ғана қызметкер емес, өз табысын өз қолымен арттырғысы келетін, амбициясы жоғары сату маманы қажет.
Сіз немен айналысасыз?
-
Дайын клиенттерге консультация беру;
-
Клиенттердің сұранысын анықтап, өнімді ұсыну;
-
Күнделікті сатылым жоспарын орындау;
-
Сату көлемін арттыру және жоғары нәтижеге ұмтылу;
-
CRM жүйесімен жұмыс істеу;
-
Клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас қалыптастыру.
Біз сізден не күтеміз?
-
Қазақ тілінде сауатты әрі еркін сөйлеу;
-
Адамдармен тез тіл табыса білу;
-
Сатуға және жоғары табысқа деген мотивация;
-
Үлкен амбиция және нәтижеге бағытталу;
-
Жауапкершілік пен тәртіп;
-
Лидерлік қасиет;
-
Үйренуге және дамуға дайын болу.
Сату тәжірибесі болса — артықшылық. Тәжірибеңіз жоқ болса да, егер сатуға қабілетіңіз бен ниетіңіз болса, біз сізді қарастыруға дайынбыз.
Біз не ұсынамыз?
-
170 000 – 250 000 ₸ және одан да жоғары табыс мүмкіндігі
-
Оклад + сатылымнан пайыз + премия
-
Апталық жалақы — әр дүйсенбі сайын
-
Жұмыс уақыты: 11:00–20:00, 6/1
-
Қала орталығындағы жайлы әрі көрінісі әдемі офис
-
Сенімді өнім және дайын клиенттер базасы
-
Кәсіби команда және мықты орта
-
Өсуге және жоғары табысқа мүмкіндік.
Егер сіз...
«Көбірек жұмыс істесем, көбірек табыс тапқым келеді» десеңіз — бұл вакансия сізге арналған.
Егер сізге тұрақты табыс, кәсіби даму және мықты командада жұмыс істеу маңызды болса — бізбен бірге болыңыз!
EcoZere командасы сізді күтеді!
Ваше резюме увидят первым!
Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!
Подключить автоподнятие