Не упустите лучшие вакансии!
Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!
Подключить ботаМенеджер по продажам/Сату менеджері
GeOnline — ҰБТ-ға дайындық бойынша онлайн-мектеп.
5 жыл ішінде біз 18 000-нан астам оқушыны оқытып, қарқынды дамып келеміз. Біздің оқушылар Қазақстан бойынша рекордтар орнатып, 50/50 максималды нәтижелер көрсетуде.
Қазір біз сату бөлімін кеңейтіп, жаңа мамандарды командаға шақырамыз.
🎯 Сіздің міндеттеріңіз:
- Оқушылар мен ата-аналардан келетін жылы өтінімдермен (лидтермен) жұмыс істеу;
- Клиенттің қажеттілігін анықтап, курс бойынша кеңес беру;
- Клиенттің сұрақтары және қарсылықтарымен жұмыс істеу;
- Сатуды соңына дейін жүргізу;
- Жеке және командалық нәтижелерге жұмыс істеу.
🔎 Біз кімді іздейміз:
- Сату саласында тәжірибесі бар кандидаттарға басымдық береміз;
- Қазақ тілін еркін меңгерген;
- Клиенттермен телефон арқылы еркін сөйлесе алатын;
- Клиенттің қажеттілігін түсініп, дұрыс ұсыныс жасай алатын;
- Белсенді, жауапты және үйренуге дайын;
- Нәтижеге бағытталған және жоғары табысқа ұмтылатын маман.
💰 Біз не ұсынамыз:
💸 Табыстың жоғарғы шегі жоқ — нәтижеңіз жоғары болған сайын, табысыңыз да өседі— менеджерлердің орташа табысы 400 000–500 000 ₸+
🔥 Дайын жылы клиенттер — клиентті өзіңіз іздемейсіз .Суық қоңыраулар мен суық іздеу жоқ;
📈 Бонусы бар мотивациялық жүйе және нәтижеге байланысты қосымша төлемдер;
🚀 Мансаптық өсу: Сату маманы → Team Lead → Бөлім басшысы;
🌍 Үздік қызметкерлер үшін компания есебінен шетелге саяхат;
📚 Тәжірибеңіз болмаса да, біз сізді үйретеміз — өнім мен сату бойынша толық оқыту, дайын скрипттер және команда тарапынан қолдау.
🤝 Белсенді әрі қолдайтын команда.
📍 Жұмыс шарттары:
Астана | оффлайн
🕐 6/1 | 13:00–21:00
🍽 Түскі асқа 1 сағат үзіліс.
Егер өзіңізді осы позицияда көрсеңіз — резюмеңізді жіберіңіз! Мүмкін, келесі команда мүшесі — дәл сіз боларсыз! 💙
Ваше резюме увидят первым!
Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!
Подключить автоподнятие