🔥

Не упустите лучшие вакансии!

Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!

Подключить бота

Архитектура және сызу пәнінің оқытушысы

QM
Астана
Удаленно
Опубликовано: 09 Oct 2026
10 000 ₸
  • 🎨 Архитектура және сызу пәнінің оқытушысы (Онлайн)

  • QADAZ — Шығармашылық емтиханға дайындау орталығы!

    Біздің миссиямыз: «Шынайы өмірге дайын, креативті тұлғаларды қалыптастыру». Біз оқушыларды тек тестке дайындап қана қоймай, болашаққа шынайы түрде бейімдейміз: жоғары сынып оқушыларымыз нақты компанияларда стағы өтіп, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік алады.

    Біздің орталықтың академиялық бөліміне балаларды жетекші жоғары оқу орындарының шығармашылық емтихандарына дайындайтын тәжірибелі Архитектор-оқытушы іздейміз!

    📌 Негізгі шарттар:

  • Формат: Онлайн

  • Жұмыс кестесі: Дүйсенбі – Жұма, күндізгі уақыттан кейін (16:00 – 21:00 аралығында, тұрақты)

  • Оқыту тілі: Қазақ тілі

  • Еңбекақы: Әр өткізілген сабақ үшін 10 000 теңге

  • 🎯 Негізгі міндеттер:

  • Бекітілген кестеге сәйкес практикалық сабақтарды уақытылы және сапалы ұйымдастыру.

  • Әр сабаққа алдын ала мұқият дайындалу (тақырыпқа сай тапсырмалар, референстер мен қажетті материалдарды әзірлеу).

  • Оқушылардың практикалық жұмыстарын тексеріп, қателерін нақты көрсету және оларды түзету жолдарын түсіндіру.

  • Әр оқушының шығармашылық және техникалық даму динамикасын қадағалап, жеке прогресін бақылау.

  • ҚазГАСА, ЕҰУ, Шабыт, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА және басқа да негізгі ЖОО-лардың шығармашылық емтихан форматтарына, уақыты мен критерийлеріне сай дайындау.

  • Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, қиын сәттерде мотивациясын қолдау.

  • ✨ Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • Білімі мен тәжірибесі: Архитектура немесе дизайн саласында жоғары білім және кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

  • Емтихан талаптарын білу: Қазақстандағы шығармашылық емтихан талаптарын (ҚазГАСА, ЕҰУ, Шабыт, Жүргенов т.б.) жетік білу және оқушыларды соған сәйкес бағыттай алу.

  • Практикалық көрсетілім: Сабақ барысында сызу, сурет салу, композиция және басқа да тапсырмаларды тікелей көрсетіп, орындау техникасын түсіндіре алу.

  • Техникалық сауаттылық: Онлайн форматта жұмыс істеу үшін компьютер, планшет немесе графикалық планшетті еркін қолдана білу (қажет болған жағдайда жұмысты қағазға өзі салып/сызып көрсету мүмкіндігі).

  • Жеке қасиеттер: Балалармен жылы әрі сенімді қарым-қатынас орната алу, эмпатияның жоғары болуы, сабырлылық, оқушылардың сұрақтарына мүдірмей нақты жауап бере алу және сабақты қызықты, интерактивті өткізу.

🚀

Ваше резюме увидят первым!

Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!

Подключить автоподнятие