🔥

Не упустите лучшие вакансии!

Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!

Подключить бота

Видеограф - видеомейкер | Edtech FM Online

Мұхамеджан
Астана
Разъездной
Опубликовано: 12 Oct 2026
400 000 — 600 000 ₸

🎥 Камераны жай ұстап жүрмей, кадр арқылы оқиға жасайтын адам іздейміз!

Елестетші: үлкен конференция, жүздеген адам, сахнада спикер, айналада эмоция. Сен сол сәттерді адамдар қайта-қайта көргісі келетін видеоға айналдырасың.

Йоу! 👋 Мен — Жанайым, FM Online негізін қалаушымын. Біз оқушыларды физика, математика және информатикадан ҰБТ-ға дайындаймыз және олардың өзіне деген сенімін арттырамыз. Командамызда 200-ден астам адам бар, біз өсіп, ауқымды іс-шаралар өткізіп жатырмыз. Осының бәрін аудиторияға жеткізетін видеограф-видеомейкер керек.

🎬 Сенің кадрыңда не болады?
• Айына 80-ге дейін видео: Reels, TikTok, Stories, таргет креативтері
• YouTube үшін 10–30 минуттық видеолар
• Конференциялар мен мастер-кластардағы түсірілімдер
• Түсірілімнен монтажға дейін: жарық, дыбыс, түс коррекциясы, қазақша субтитр
• AI арқылы кадрлар мен видеолар
• Эфирге локация дайындау, апталық түсірілімдерді жоспарлау

Бүгін кеңседе, ертең конференцияда, келесі күні іссапарда болуың мүмкін.

🤝 Екеумізде мэтч болады, егер:
Камерамен кәсіби түсіре алсаң, 1–2 жылдық тәжірибең мен мықты портфолиоң болса, Premiere Pro / DaVinci Resolve меңгерсең, жарық, дыбыс, композицияны түсінсең, қазақша сауатты субтитр жасасаң, AI құралдарын қолдансаң және жеке техникаң болса.

💜 Біз саған не береміз?
• 400 000–600 000 ₸: жалақы + нәтижеге байланысты бонус
• Қазақстан бойынша және шетелге іссапарлар
• Түлектер кеші, Тамыз конференциясы сияқты үлкен жобалар
• Godox, Sony, K&F Concept техникасы және Higgsfield жазылымы
• Стажерлер командасының Team Lead-іне өсу мүмкіндігі
• Жас креативті команда, Астанадағы кең кеңсе
• 5/2, 12:00–20:00

📩 Маған идея ұсынып, оны соңына дейін жеткізетін адам керек. Өз жұмысыңның мыңдаған адамға жеткенін қаласаң, түйіндемеңді қалдырып, портфолиоңды жібер. Мүмкін, келесі үлкен жобамызды бірге түсірерміз!

🚀

Ваше резюме увидят первым!

Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!

Подключить автоподнятие