🔥

Не упустите лучшие вакансии!

Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!

Подключить бота

Сату менеджері

Мұхамеджан
Астана
На месте работодателя
Опубликовано: 20 Oct 2026
300 000 — 800 000 ₸

Сату менеджері | 300 000–800 000 ₸ | Тәжірибесіз де болады 🚀

Жұмыс іздеп жүрсің бе, әлде жақсы мүмкіндік іздеп жүрсің бе? 👀

Егер адамдармен сөйлескенді ұнатсаң, жаңа нәрсені тез үйренсең және жақсы табыс тапқың келсе — бізде саған ұсыныс бар!

FM Online командасына сату менеджерін іздейміз!

Біз оқушыларды физика, математика және информатика пәндерінен ҰБТ-ға дайындайтын EdTech компаниямыз.

Ал сен оқушылар мен ата-аналарға қажетті курсты таңдауға көмектесіп, өзің де сату саласында дамисың.

💸 Біз саған не ұсынамыз?

  • Орташа табыс — 300 000–800 000 ₸. Нақты табысың сату нәтижесіне байланысты.

  • Тәжірибе міндетті емес! Сатуды үйренуге және алғашқы кәсіби қадамыңды жасауға мүмкіндік бар.

    — Жұмысқа MacBook береміз! Техника іздеп, өз ноутбугыңды алып келудің қажеті жоқ — жұмысқа қажетті құрылғыны компания ұсынады.

  • Дайын өтінімдер. Курстарымызға қызығушылық танытқан клиенттермен жұмыс істейсің.

  • Жаңа дағдылар. Келіссөз жүргізуді, клиентпен жұмыс істеуді және CRM жүйесін меңгересің.

  • Команданың қолдауы. Тимлидпен қоңырауларды талдап, кері байланыс алып отырасың.

  • Жұмыс кестесі: 6/1, 14:00–21:00. Демалыс күні — аптаның жұмыс күндерінің бірінде.

🎯 Сен немен айналысасың?

  • Дайын өтінім қалдырған клиенттермен байланысасың.

  • Оқушылармен және ата-аналармен видеоқоңырау өткізесің.

  • Олардың сұранысын анықтап, сәйкес курсты ұсынасың.

  • Сұрақтарына жауап беріп, сатып алу туралы шешім қабылдауға көмектесесің.

  • CRM жүйесінде жұмыс істеп, сату жоспарын орындайсың.

🔥 Бізге кел, егер:

  • Қазақ тілінде еркін әрі сауатты сөйлесең.

  • Колледжді немесе университетті аяқтаған болсаң және қазір оқымасаң.

  • Адамдармен тез тіл табыса алсаң.

  • Үйренуге, дамуға және кері байланыс қабылдауға дайын болсаң.

  • Мақсат қойып, нәтижеге жеткенді ұнатсаң.

«Бірақ мен бұрын сатумен айналыспағанмын...»

Ештеңе етпейді! Біз үшін тәжірибеңнен бұрын үйренуге деген ниетің мен жұмысқа жауапкершілікпен қарауың маңызды.

🚀 Қызықтырдық па?

Онда көп ойланбай, «Откликнуться» батырмасын бас!

Мүмкін, сен іздеген жақсы мүмкіндік дәл осы жерден басталатын шығар. 😉

🚀

Ваше резюме увидят первым!

Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!

Подключить автоподнятие