Не упустите лучшие вакансии!
Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!
Подключить ботаВидеограф
Tilu - Астана қаласындағы заманауи және қарқынды дамып келе жатқан ағылшын тілі мектебі. Біз сапалы білім берумен қатар, медиа кеңістікте трендтегі, эстетикалық әрі вирустық контент жасауға үлкен мән береміз.
Қазіргі уақытта біздің командамызға YouTube арнасымен нәтижелі жұмыс істей алатын, ұзын форматтағы сапалы видеолар мен Shorts түсіріп, монтаждауды меңгерген Видеограф іздейміз!
Сіздің міндеттеріңіз:
- YouTube үшін түсірілімдер: Толық форматты видеолар (сабақтар, подкасттар, сұхбаттар, влогтар) және YouTube Shorts түсіру;
- Кәсіби монтаж: YouTube стандарттарына сай динамикалық монтаж, түсті коррекциялау (color grading), графика/анимация (motion graphics, нижние третьи, плашки) қосу;
- Дыбыс пен жарық: Студиялық және сыртқы түсірілімде кәсіби жарық орнату, көпмикрофонды дыбыс жазу;
- YouTube спецификасын түсіну: Удерживание (Retention), CTR, динамикалық кіріспе (hook) сызбаларын білу және монтажда қолдану;
- Обложка/Превью түсірілімі: Видеоның мұқабасына (Thumbnail) қажетті фото/кадрларды алдын ала жоспарлап түсіру;
- SMM және Маркетинг тобымен жұмыс: Сценарийшілермен және кадрдағы спикерлермен бірге сапалы өнім шығару.
Біздің талаптар:
- Видеограф/Монтажер лауазымында кемінде 1 жылдық кәсіби тәжірибе (YouTube арналарына арналған портфолионың болуы міндетті);
- Кәсіби монтаж бағдарламаларын еркін меңгеру (Adobe Premiere Pro, DaVinci Resolve, After Effects);
- Басқа да графикалық редакторлармен (Photoshop/Illustrator) жұмыс істей алу;
- YouTube алгоритмдерін, сапалы ретеншн жасау әдістерін түсіну;
- Дыбысты тазалау және кәсіби саунд-дизайн жасау дағдысы;
- Жауапкершілік, дедлайндарды сақтау және ұжымда жұмыс істей білу.
Біз ұсынамыз:
- График: 5/2, сағат 10:00 – 19:00;
- Орналасқан жері: Астана қаласының орталығындағы жайлы офис + түсірілім алаңдары;
- Нарыққа сай, тұрақты әрі уақытылы төленетін жалақы (тәжірибеңіз бен портфолиоңызға байланысты жеке талқыланады);
- Заманауи, жас және креативті Tilu командаcы;
- Идеяларыңызды шектеусіз жүзеге асыруға және кәсіби өсуге толық мүмкіндік.
Ваше резюме увидят первым!
Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!
Подключить автоподнятие