Не упустите лучшие вакансии!
Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!
Подключить ботаЖеке көмекші / IT жобалар үйлестірушісі
Біз — Астанадағы IT-компаниямыз: мобильді қосымшалар, CRM/POS жүйелер мен сайттар жасаймыз. Басшыға жеке көмекші іздейміз: жобалар мен тапсырмаларды ретке келтіретін, клиенттермен және әзірлеушілермен байланыста болатын, жұмыстың дұрыс орындалғанын тексеріп, есеп беретін ұқыпты адам.
Сіз не істейсіз:
- Басшының тапсырмаларын қабылдап, орындалуын қадағалап, күнделікті есеп бересіз
- Клиенттердің тілектерін жинап, оларды әзірлеушілерге түсінікті тапсырма етіп жазасыз (ЖИ құралдары көмектеседі)
- Тапсырмаларды командаға беріп, мерзімдерді бақылайсыз
- Дайын жұмысты (мобильді қосымша, сайт, админ-панель) тексеріп, байқаған қателерді тіркейсіз
- Клиенттермен хат алмасып, сұрақтарына жауап бересіз
- Кеңсе жұмысын ұйымдастыруға көмектесесіз
Бізге маңыздысы:
- Ағылшын тілі — міндетті (құжат оқу, хат пен тапсырма жазу деңгейінде)
- Қазақ және орыс тілдерін еркін білу
- Ұқыптылық, жауапкершілік, бастаған істі аяғына жеткізу
- ChatGPT, Claude сияқты ЖИ құралдарын пайдалануға дайын болу
Барлық талапқа сай келмесеңіз де, көбісі сәйкес келсе — өтінім жіберіңіз. Тапсырма жазуды және жұмысты тексеруді үйретеміз; техникалық жұмыстың көп бөлігін ЖИ атқарады.
Артықшылық болады:
- IT саласындағы тәжірибе (QA, бизнес-талдаушы, жоба менеджері, әзірлеуші немесе көмекші)
- ТОО және ЖК бухгалтериясын жүргізу тәжірибесі (ОУР, оңайлатылған режим; 200, 910 нысандары, АВР, ЭШФ, mybuh, kgd.gov.kz)
- Жалақы, табель және төлемдерді жүргізу (Kaspi Pay)
- Astana Hub есептерін тапсыру тәжірибесі
- HR тәжірибесі: вакансия жариялау, үміткерлермен сұхбат ұйымдастыру
Біз ұсынамыз:
- Жалақы: 200 000 – 450 000 ₸ (тәжірибе мен дағдыларға байланысты), айына бір рет
- Тұрақты кесте: дүйсенбі–жұма, күніне 8 сағат
- Кеңсе Хан Шатыр маңында
- Оқыту және жұмысқа бейімделуге көмек
- 10-нан астам нақты жобада (мобильді қосымшалар, SaaS, сайттар) тәжірибе жинау, IT саласында өсу мүмкіндігі
Қалай өтініш беруге болады: түйіндемеңізді hh.kz арқылы жіберіңіз. Хатқа ағылшын тілінде 3–4 сөйлемнен тұратын қысқа cover letter қосыңыз: өзіңіз ұйымдастырған немесе жауап берген бір жұмыс туралы жазыңыз. Өтінім бергеннен кейін hh чаты арқылы 3 минуттық қысқа сауалнама сілтемесін жібереміз — соны толтырған үміткерлерді бірінші қарастырамыз.
Ваше резюме увидят первым!
Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!
Подключить автоподнятие