🔥

Не упустите лучшие вакансии!

Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!

Подключить бота

Математика пәнінің методологы

Мұхамеджан
Астана
Удаленно
Опубликовано: 29 Oct 2026

ҰБТ-ға оқушылар сен құрастырған есептермен дайындалғанын қалайсың ба? 📐
Сен жазған тест нақты емтиханда оқушының баллын көтерсе — бұдан артық нәтиже бар ма?

FM Online — оқушыларды ҰБТ-ға онлайн дайындайтын білім беру орталығы. Біздің мақсатымыз — әр оқушыға түсінікті, сапалы материал беріп, оны армандаған баллына жеткізу. Командамыз Астанада орналасқан, ал оқушыларымыз Қазақстанның түкпір-түкпірінен.

Қазір біз жаңа курстарды іске қосып жатырмыз және математика пәнінің методологын іздейміз. Математика бағытын өз қолтаңбасымен дамытатын маманды күтеміз.

Не істейсің:
— ҰБТ форматында аптасына 150–170 тапсырма құрастырасың (тек жауабымен, шешімі қажет емес)
— курстарға тақырыптық жоспар жасайсың
— есептер базасын тексеріп, бір жүйеге келтіресің

Талаптар:
— ҰБТ саласында тест құрастырушы ретінде тәжірибе
— ҰБТ математикасының құрылымын, тақырыптарын және тапсырмалардың күрделілік деңгейлерін терең түсіну
— үлкен көлеммен жұмыс істеуден қорықпау және дедлайнды ешкімнің еске салуынсыз сақтау
— өз кітабың немесе жинағың болса (бұл үлкен артықшылық) 📚

Шарттар:
— Толық онлайн, кез келген қаладан; 5/2 кесте, тапсырманы ерте бітірсең, күнің де ерте аяқталады.
— Өз жинақтарың мен кітаптарыңды шығаруға мүмкіндік.
— Жаныңда математиканың сапасына мән беретін академиялық команда.
— Үздіктерге жыл сайынғы сыйлық: ақшалай сыйлық, MacBook немесе саяхат 🏆
— Оқытулар, тимбилдингтер және өсуге нақты мүмкіндік.

Түйіндемеңді және өзің құрастырған бір материалды жібер. Сенің есептеріңді көруге асығамыз! ✍️

🚀

Ваше резюме увидят первым!

Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!

Подключить автоподнятие