Не упустите лучшие вакансии!
Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!
Подключить ботаФизика пәнінен методолог
Физика әдіскері | FM Online
Сіз құрастырған есеп бір оқушының дәптерінде қалмай, ҰБТ-ға дайындық материалына айналса ше?
FM Online — оқушыларды ҰБТ-ға дайындайтын онлайн білім беру компаниясы. Бізде пән мұғалімдері мен әдіскерлер оқушыға түсінікті әрі сапалы оқу материалдарын бірге әзірлейді.
Қазір физика есептерін құрастыру жұмысын алып жүретін әдіскер іздеп жатырмыз.
Жұмыстың мәні
Физикадан есептер құрастырасыз, шешімі мен түсіндірмесін жазасыз. Әр тапсырманың шартын, деректерін, өлшем бірліктері мен жауаптарын тексеріп, ҰБТ форматына және оқушы деңгейіне сәйкестендіресіз.
Сізден күтеріміз:
Соңғы екі жыл ішінде тестілеу орталығында жұмыс істеген тәжірибе.
Физика бойынша ҰБТ форматы мен талаптарын білу.
Есепті өзіңіз құрастырып, шешімінің дұрыстығын тексере алу.
Жұмысты жоспарлап, келісілген мерзімде аяқтау.
Өз бетіңізше жұмыс істеу және нәтижеге жауап беру.
Әріптестермен ашық сөйлесу, кері байланысты қабылдау және пәнге қызығушылық.
Біз ұсынатынымыз:
Гибридті жұмыс форматы.
5/2 жұмыс кестесі.
Уақытылы төленетін жалақы.
Ұйымшыл команда және пән мамандарымен бірлескен жұмыс.
Кәсіби өсуге мүмкіндік беретін орта.
Ай сайынғы тимбилдинг және премия алу мүмкіндігі.
Өзіңіз құрастырған есептер бар ма? Ендеше танысуды бастайық.
«Откликнуться» батырмасын басып, түйіндемеңізді жіберіңіз.
Ваше резюме увидят первым!
Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!
Подключить автоподнятие