Не упустите лучшие вакансии!
Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!
Подключить ботаРуководитель отдела продаж
‼️САТУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫН ІЗДЕЙМІЗ‼️
🇰🇿ABYROI.KZ — ұлттық киімдер мен шапандарды заманауи үлгіде ұсынатын, қазақи болмысты дәріптейтін отандық бренд. Біз үшін әрбір өнім — ұлттық мәдениетімізге деген құрметтің көрінісі.
Қазір біз командамызды кеңейтіп, сату бағытын жаңа деңгейге көтеруге көмектесетін САТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫН іздейміз:
• Сату саласында кемінде 1 жыл тәжірибесі бар ;
• Команда басқару тәжірибесі бар;
• Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген;
• KPI, конверсия, орташа чек және түсім көрсеткіштерін түсінетін;
• Сату жоспарын құрып, нәтижелерді талдай алатын;
• CRM және Excel/Google Sheets бағдарламаларымен жұмыс істей алатын;
• Жауапкершілігі жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті жақсы;
• Командамен тіл табысып, қызметкерлерді ынталандыра алатын;
• Ұлттық құндылықтарды құрметтейтін және отандық брендтің дамуына үлес қосуға дайын.
📍 ЖҰМЫС ТУРАЛЫ:
— Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Хан-Шатыр 10A (https://2gis.kz/almaty/geo/9429940000901687)
— Жалақы: 300 000–1 000 000 ₸
— Жұмыс кестесі: 5/2, 10:00–19:00
— Жұмыс форматы: офлайн, толық жұмыс күн
Біз не ұсынамыз?
• Тұрақты жалақы + нәтижеге байланысты бонустар
• Сату жүйесін дамыту
• Карьералық өсу: коммерциялық бағыттың басшысы болу мүмкіндігі
• Тату команда: басшы мен коллективтеріңіз сізге тек қолдау көрсетіп, жұмысқа тез бейімделуіңізге көмектеседі
• 📈 ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ, БИЗНЕС БОЙЫНША САТЫП АЛЫНҒАН КУРСТАРДЫ ТЕГІН ОҚИ АЛАСЫЗ (қазіргі уақытта барлық қызметкерлер Аслан Жұмабаевтың 10млн теңге тұратын "Ақша және жүйе" курсын өтуде)
Міндеттеріңіз қандай?
— Сату бөлімінің жұмысын ұйымдастыру және сату жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
— Instagram, WhatsApp және дүкен арқылы келетін тапсырыстардың тиімді өңделуін бақылау;
— Менеджерлерге тапсырма беріп, олардың кәсіби дамуына көмектесу;
— Команданың нәтижелерін талдау, сатылымды арттыру жолдарын іздеу;
— Конверсия, орташа чек және түсім көрсеткіштерін бақылау;
— KPI жүйесін жетілдіру және сату процестерін оңтайландыру;
— Клиенттерге сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету.
Ваше резюме увидят первым!
Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!
Подключить автоподнятие