Не упустите лучшие вакансии!
Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!
Подключить ботаСату менеджері
Сіз сатуды жақсы көресіз бе, адамдармен қарым-қатынас жасағанды ұнатасыз ба және жай ғана «жұмыс істеп» қана қоймай, жақсы табыс тапқыңыз келе ме?
Онда almaPLUS командасына қош келдіңіз!
Сіздің міндеттеріңіз:
- Күнді нәтижеге бағытталған жігерлі жиналыстан бастау;
- Белсенді түрде далалық сатумен айналысу: жаяу жүріп клиенттермен кездесіп, компания қызметтерін ұсыну;
- Компанияның үздік телекоммуникациялық шешімдерін ілгерілету;
Сізді не күтеді? Ашық әрі әділ табыс жүйесі:
Тұрақты жалақы — 200 000 теңге (қолға алатын сома).
Сатылым санына қарай қосымша табыс (Бонустар):
- 25 сатылым ≈ 25 000 ₸
- 35 сатылым ≈ 75 000 ₸
- 55 сатылым ≈ 235 000 ₸
- 75+ сатылым ≈ 510 000 ₸
Әлеуметтік пакет және қолайлы жұмыс ортасы:
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;
- Ішкі оқыту бағдарламалары мен серіктестік курстарға қатысу мүмкіндігі;
- Жұмыстың алғашқы кезеңінде тәлімгердің көмегі;
- Тұрақты тимбилдингтер, викториналар, спорттық және зияткерлік іс-шаралар;
- Компания қызметтеріне 50% жеңілдік.
Біз қандай үміткерді іздейміз?
- Сатуға және табыс табуға деген ынтасы бар;
- Адамдармен тез тіл табыса алатын;
- Белсенді жұмыстан қорықпайтын және өз еңбегінің нәтижесін күн сайын көргісі келетін;
- Сату саласындағы тәжірибе артықшылық болады, бірақ ең бастысы — ынта мен мотивация!
almaPLUS-та сіз жай ғана қызметкер емессіз — сіз әрбір жетістігі бағаланатын, еңбегі еленетін және үлесі жоғары бағаланатын команданың бір бөлігі боласыз.
Қазір өтінім қалдырыңыз және бізбен бірге табысқа жетіңіз!
Ваше резюме увидят первым!
Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!
Подключить автоподнятие