🔥

Не упустите лучшие вакансии!

Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!

Подключить бота

Тимлид (Сату бөлімі)

БІЛІМ CONSULTING
Астана
На месте работодателя
Опубликовано: 12 Nov 2026

GEONLINE — оқушыларды ҰБТ-ға онлайн форматта дайындайтын білім беру компаниясы.

2021 жылдан бері Қазақстан бойынша 18 000+ оқушыны оқыттық. Түлектеріміз жоғары нәтижелер көрсетіп, грант иегерлері атанып келеді.

Қазір сату бөлімін кеңейтіп, командаға Сату командасының жетекшісін іздейміз.

Сіздің міндеттеріңіз:

— Сату менеджерлерінен құралған команданы басқару;
— Сату жоспарының орындалуын бақылау;
— Конверсия, қоңыраулар, хат алмасулар және команда нәтижелерін талдау;
— Менеджерлердің жұмыс сапасын бақылау және кері байланыс беру;
— Тәртіпті, тапсырмалар мен дедлайндардың орындалуын қадағалау;
— AmoCRM жүйесімен және есептілікпен жұмыс істеу.

Біз кімді іздейміз:

— Команданы басқару бойынша кемінде 6 айлық тәжірибесі бар;
— РОП / Team Lead / Senior менеджер лауазымында жұмыс істеген;
— Қазақ тілін еркін меңгерген;
— Менеджерлерді оқыту, бейімдеу және дамыту дағдылары бар;
— Жауапкершілігі мол, жұмысты жүйелі ұйымдастыра алатын және нәтижеге қол жеткізуге ұмтылатын маман.

Біз ұсынамыз:

— Нәтижеге бағытталған мотивациялық жүйе: негізгі жалақыға қосымша жоғары бонус пен ақшалай сыйақылар;
— Кәсіби дамуға және мансаптық өсуге мүмкіндіктер;
— Ортақ мақсатқа ұмтылған жас әрі амбициялы команда;
— Жыл қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлерге шетелге саяхаттау мүмкіндігі;
— Қазақстан оқушыларына жоғары оқу орнына түсуге көмектесетін, маңызы бар жобаның бір бөлігі болу.

Жұмыс шарттары:

— Формат: офлайн, Астана.
— Жұмыс кестесі: 6/1, 13:00–21:00.


Бізбен бірге дамып, өз мүмкіндіктеріңізді жаңа деңгейге көтеріңіз! Командамыздың бір бөлігі болыңыз!

🚀

Ваше резюме увидят первым!

Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!

Подключить автоподнятие