🔥
Не упустите лучшие вакансии!
Подключите наш Telegram-бот и получайте мгновенные уведомления о новых предложениях из 10+ источников. Будьте первым, кто откликнется!
Подключить ботаПроектный менеджер (PM)
STONE
•
Алматы
•
На месте работодателя
•
Опубликовано: 12 Nov 2026
400 000 — 600 000 ₸
Stone Production — жарнамалық видео продакшн: жасанды интеллектпен жасалған роликтер, таргет креативтері, Reels және тірі түсірілім. Айына 50-ден астам жоба шығарамыз.
Міндеттер:
- Креаторлар бөлімін басқару: күн сайын тапсырма беру және орындалуын тексеру
- Генерацияға дейін клиентпен барлық детальды жазбаша бекіту
- Болашақ клиенттерге концепция мен презентация дайындау
- Клиентке 10 минут ішінде жауап беру, мерзім мен токен шығынын бақылау
- Жоба тапсырылғаннан кейін клиентке келесі роликті, ай сайынғы пакетті немесе қосымша қызметтерді ұсыну
Талаптар:
- Маркетингті түсіну: таргет, воронка, оффер, өтінім құны
- Команданы басқару тәжірибесі
- Клиентпен сөйлесу, презентация жасау және сату дағдысы
- Қазақ және орыс тілдерін еркін білу
- Higgsfield, Seedance, Kling құралдарын білу — артықшылық
Шарттар:
- Тұрақты жалақы 200 000 ₸ + KPI орындалғанда 200 000 ₸ + қайта сатылымдар үшін 200 000 ₸-ге дейін бонус
- KPI: түзетусіз қабылданған жобалар, мерзім, токен шығыны, клиент бағасы, жауап беру жылдамдығы
- Кесте: дүйсенбі–сенбі, 10:30–19:00
- Алматыдағы кеңседе жұмыс
Өтінім жіберу тәртібі:
- Өтінім жібермес бұрын Stone Production туралы алдын ала біліп алыңыз
- Ілеспе хаттың бірінші жолына жазыңыз: «Вакансияны толық оқыдым, сұхбатқа дайынмын»
- Қай жерде жұмыс істегеніңізді және нәтижеңізді нақты сандармен қысқаша жазыңыз
- Бұл шарттарсыз өтінімдер қаралмайды
🚀
Ваше резюме увидят первым!
Автоматическое поднятие на HeadHunter каждые 4 часа. Увеличьте свои шансы на успех в 10 раз!
Подключить автоподнятие